Меню сайта
Категории раздела
Мақолалар [39]
Таҳририят ходимлари ижоди
Янги китоблар [1]
Таҳририят ходимларининг китоблари
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 75
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Каталог файлов
Главная » Файлы » Мақолалар

Р.Холмуродов Президентни қўллайди
04.06.2011, 23:11

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – ПРЕЗИДЕНТ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ «НОУ-ХАУЫ»

 

         Бүгінгідей бірқатар мемлекеттің орнықты дамуына этникалық және діни жанжалдар айтарлықтай қатер төндіріп отырған күндерде Қазақстан мұндай мәселелерді жүйелі түрде шеше білуге қабілетті екенін көрсетуде. Қазақстан бір халықтың өзге халықтан үстемдігі идеологиясының қиратушылық күшіне қарсы тұра алатын ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей үлгісін жасай алады. Әңгіме Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы болып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саяси «нау-хауы» бүгінде әлемде үлкен қызығушылық туғызып отыр.

         ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен мемлекет басшылығы өздерінің ойлап тапқан іс-қимылдарының нәтижесінде Республикада тұрып жатқан барлық этникалық топтардың экономикалық, саяси және мәдени дамуы үшін тең мүмкіндіктер жасап берді. Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық саласында азаматтардың тең құқықтылығы заң жүзінде бекітілген және жүзеге асырылуда. Кадр саясатында лауазымға тағайындау кезінде басты өлшем болып адамның қандай ұлтқа жататындығы емес, қабілеті мен іскерлік қасиеті ескеріледі. Бұл ретте бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ешбір мемлекет дәл Қазақстан секілді айшықталып тұрған жоқ деуге болады.

         Барлық қазақстандықтардың ұлты мен наным-сеніміне қарамастан тең болуы және бір-біріне деген құрметі, қоғамдық келісімнің неуклонные нығаюы, халықтар достығы Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты басымдықтары болды және солай бола бермек те. Этносаралық қатынастарды берік бірлікке негізделген үлгісін жасаужағы Қазақстан Республикасының тәжірбиесі сәтті шыққан және бірегейлігімен ерекшеленеді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылып, ұлттық-мемлекеттік саясаттың орталық институты ретінде қалыптасқан Қазақстан Халқы ассамблеясына әлемде балама жоқ.

         Қазақстанға тәуелсіздігін жариялағалы бергі жиырма жыл бойы этникаарлық тұрақтылықты сақтаудың сәті қалай түсті? Бұл көптен срапшылар үшін жұмбақ болып келе жатыр. Және бұл – жай ғана бейбітшілік сүйгіштікті сақтау емес, бұрынғы КСРО аумағымен шектелмей, бүкіл Еуразия кеңестігінде ұлтаралық теңдіктің, тыныштық пен келісімнің этолонына айналу. Бұл жерде Республиканың кешенді этникалық құрамына назар аудару керек. Қазақстанда тұрғындардың 70 пайзын дерлік құрайтын қазақтардан өзге көпшілігі өзін тұрғылықты қазақтардан өзге көпшілігі өзін тұрғылықты жері санауға құқылы жүзден астам ұлттың өкілі тұрады.

         Шындығында, социологтардың үлгілік сызбаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстанның тарихи ерекшеліктерін, қазақ халқы мен басқа да Қазақстан халықтары этникалық топтарының менталитетін ескермей, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясатын жүргізу мен қалыптастырудағы ҚР Президентінің айрықша жеке рөлін және оның бірегей иституттануын ескермей бұл феноменді түсіну айтарлықтай қиын.

         «Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы ұлттық саясатты, этникааралық және дінаралық диалогты жүзеге асырудың бірегей әрі тиімді тетігі құрылған, - дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық Палатаның төрағасы Сергей Дьяченко. – Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған аталған орган ұлтаралық қатынастардағы жарасымдылықтың орталық буыны болып табылады және саяси тұрақтылықты орнықтыруда, қоғамдық келісім мен тыныштықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, елде мультимәдениеті, көпконфессиялы, көпэтникалы қоғамда бірлікті сақтау мен нығайтудың бай әрі бірегей тәжірбиесі жинақалған. Сондықтан да бүгіндері оны бұрынғы кеңестік республикалардың да қабылдай бастауы аса таңқаларлықтай мәселе емес, сонымен қатар демократиялық институттарды қалыптастыруда сан ғасырлық тәжірбиесі бар мемлекеттерді мұқият зерттеп отыр. Осының бәрі айтарлықтай ауқымдағы кешенді және көпұлтты әрі конфессиялы Қазақстан халқы бірлігінің өзіндік үлгісін құрайды. Бұл республиканы гүлденуге, қуатты және қарқынды дамуға бастайтын бағдар».

         2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл толады. Оны құру туралы идеяны Президент Н.Ә. Назарбаев алғаш рет сонау 1992 жылы Республика тәуелсіздігіне бір жыл толуына арналған Қазақстан халықтарының бірінші форумында айтқан болатын. Халықтар арасындағы берік келісім мен бейбітшілікті қамтамасыз ету, толеранттықты қалыптастыруды тек саяси норма ретінде ғана қарап қоймай, қазақстандықтардың өмір салтына айналдыру Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік басқарудағы алғашқы қадамдарының бірі болды.

         Әрі қарай бұл стратегиялық идея нақты мемлекеттік форманың арнасына құйды. Қазақтан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) шаңырақ көтерді. ҚР Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген ҚХА туралы Ереже мен ҚХА Стратегиясы (кейінірек өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Ассамблеяның қызметін реттеуші негізгі құжаттар болып табылады. 2008 жылғы 20 қазанда Президент Республиканың саяси жүйесіндегі Ассамблеяның рөлі мен міндетін нақтылай түскен Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР Заңына қол қойды. Заң мемлекеттік ұлттық саясатты жасау мен жүзеге асыруға атсалысуды Ассамблеяның басты мақсаты етіп белгілеп берді. ҚХА қызметі мынадай принциптерге негізделген:

-         адам мен азаматтардың бостандығы мен құқы басымдығына;

-         мемлекет пен халық мүддесінің басымдығына;

-         адам мен азаматтардың нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни сеніміне, басқа да ұстанымдарына қарамастан құқы мен бостандығының теңдігі;

-         оның құрамындағы мүшелерінің ұйым қызметіне жекелей жауапкершілігі мен теңқұқылылығы;

-         аштық.

Заң ҚХА-ның негізгі міндеттері ретінде мыналарды жүктейді:

-         этносаралық қатынастар саласында азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету;

-         қоғамда этносаралық келісім мен толенранттылықтың әріқарай нығаюына қолайлы жағдай жасау;

-         Қазақстан қоғамының негізін құраушы құндылықтары бойынша қоғамдық консенсусты дамыту және қолдау, халық бірлігін нығайту;

-         Мемлекеттік мекемелердің қоғамда радикализм мен экстремизмның көрініс табуына және адам мен азаматтардың құқы мен бостандығын шектеуге бағытталған әрекеттерге қарсы күресуіне қолдау көрсету;

-         азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

-         Ассамблея міндеттері мен мақсаттарына жету үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктермен интеграцияны жандандыруды қамтамасыз ету;

-         Қазақстан халықтарының этникалық мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін қайта жаңғырту, сақтау және дамыту.

ҚХА міндеттері мен мақсаттарына сәйкес талассыз ауқымды қызмет ету аясына ие. Оның заңда көрсетілген негізгі бағыттары:

-         мемлекеттік ұлттық саясатты жасау мен жүзеге асыруға атсалысу;

-         қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету;

-         мемлекеттік тіл мен Қазақстан халықтарының өзге де тілдерін дамыту;

-         этносаралық саладағы аймақтық саясатты оңтайландыру;

-         демография мен миграция саласындағы іс-шараларды және жоспарларды құруға және атқаруға қатысу;

-         этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ел ішінде және шет мемлекеттерде насихаттау;

-         этносаралық келісімнің жетістіктеріне бағытталған ағартушылық және баспалық қызметтерді атқару;

-         этносаралық қатынастардың жағдайы туралы, соның ішінде мемлекеттік тілдің және Қазақстан халықтарының басқа тілдерінің қолданылуына мониторинг жүргізу;

-         мемлекеттің ұлтқа қатысты саясаты мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамаларына қатысу;

-         шет елдердегі қазақ диаспорасының туған тілін, мәдениетін және ұлттық дәтүрін сақтау мен дамыту, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайту мәселелері бойынша қолдау көрсету;

-         этносаралық қатынастар саласында келіспеушіліктер мен дауларды реттеу бойынша нақты шараларды ұсыну және жүзеге асыру, сонымен қатар оларды шешуге қатысу,

-         этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;

-         этносаралық қатынас мәселелері бойынша семинарларды, конференцияларды, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы диалогты қамтамасыз ететін өзге де іс-шараларды өткізу;

-         этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастық орнату;

-         Қазақстандағы өзге этностардың өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға ықпал ету;

-         этносаралық келісімге оң ықпал ететін және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызметтерді атқару.

Ассамблея құрылған сәттен бастап оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық ету оның беделін ерекше арттырды. Заңға сәйкес, ол Ассамблеяны қалыптастырып, қайта құра алады, жалпы жетекшілік етеді және оның қызметінің бағыттарын анықтайды, оның басқарушы лауазымды тұлғаларын тағайындап, қызметінен босатады, ҚХА Сессияларын шақырады, оның Хатшылығын құрады. Ол өзінің орынбасарларын тағайындайды, оларға өз өкілеттігінің бір бөлігін бере алады, ұдайы қызмет ететін – Ассамблея Кеңесі органын құрып, басқарады, Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітеді және оларды іске асыру бойынша тапсырмалар береді, БАҚ-тарда және халықаралық ұйымдарда оның атынан сөз сөйлеп, мәлімдемелер жасаудың ерекше құқығына ие.

         ҚХА жоғарғы органы оның Сессиясы болып табылады. Ол жылына кем дегенде бір рет шақырылады. Қазақстан Президенті кезектен тыс сессияны өз бастамасымен немесе Ассамблея Кеңесінің бастамасымен, не болмаса Ассамблея мүшелерінің үштен бір бөлігінің өтінішімен шақырады. Сессия шақырылатыны туралы жарлық жарияланғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей басталады.

         ҚХА Сессиясының айрықша құзыретіне жататындар: ҚХА атынан конституциялық квота бойынша Мәжіліс мүшелерін сайлау (9 депутат), Ассамблея стартегиясын анықтауда ортамерзімдік келешек үшін тұжырымдамалық тәсілдерді жасау және оларды Ассамблея төрағасының қарауына енгізу, Ассамблея стратегиясын жүзеге асыру бойынша ортамерзімдік келешектерде Ассамблея жұмысының жоспарын және бірінші кезектегі іс-шараларды бекіту, Ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдау, этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша жалпымемлекеттік мағынаға ие азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарастыру. ҚХА сессияларында қабылданатын шешімдер заңдық күшке ие болмайды, дегенмен, көп жағдайда олардың негізінде мемлекет үшін аса маңызды құжаттар қабылданды.

         ҚХА Кеңесі Ассамблея құрамына кіретін этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен, облыстардың, елорданың және Алматы қаласының, мемлекеттік органдардың аймақтық ассамблеяларының жетекшілерінен тұрады. Қазақстан Республикасы Президенті шешімімен, Кеңес құрамына Ассамблеяның басқа да мүшелері енгізілуі мүмкін. Кеңес ҚХА құзырлығына жататын және оның Сессиясының құзыретіне жатпайтын кез-келген мәселелерді қарастыруға құқылы. Кеңес Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттарына үміткерлерді ұсынуға; Ассамблеяға мүшелікке үміткерлерді қарастыруға; Республика Президентіне кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныс енгізуге өкілетті; Кеңестің шешімдері дауыс санының артықшылығымен қабылданады: отырсқа қатысушылардың кем дегенде үштен екі бөлігінің даусымен қабылданады (шешім қабылдауға арналған кворум бойынша Кеңес мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екі бөлігі жиналған жағдайда). Кеңесті Ассамблея төрағасы алты айда кем деген де бір рет шақырады (немесе олардың орынбасарларының бірі төрағамен келісе отырып өткізе алады).

         Ассамблеяның хатшылығы (Аппарат) ҚР Президенті Әкімшілігінің құрлымдық бөлімшесі болып табылады. Оны Ассамблея төрағасының орынбасарларының бірінің құқығымен меңгеруші басқарады. Аппарат ҚХА Кеңесі мен Сессиясы шешімдерін, оның Төрағасының тапсырмаларын орындауға арналған жұмыс органы болып табылады.

         Ассамблеяның өзінің төменгі ұйымдары да бар – Қазақстанның әрбір облысында, Астанада және Алматыда аймақтық ассамблеялар. Олар әкімшілік басқарушылары жанынан (әкімдіктерде) консультативтік-кеңестік органдарда орнын алып отыр. Олардың құрылымы жалпы сипатта республикалық Ассамблеяның құрылымы мен оның органдарына ұқсайды. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасында халық билігі қағидатын «төменнен» барлығын қамтып жүзеге асыратын нағыз демократиялық қоғамдық ұйым құруға мүмкіндік берді. Ассамблеяға мүшелікке үміткерлер аймақтық ассамблеялардың сессияларының шешімдерімен этномәдени орталықтардың кеңесімен ұсынылады. Басқа жалпы республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктер де ҚХА-ға өз үміткерлерін ұсынуға құқылы. Мұнымен қоса, үміткерлердің азаматтық беделі, қоғамдық-саяси белсенділігі ескеріледі.

         Аймақтық ассамблеялардың мүшелерін ұсыну мен тағайындау да осындай кестемен жүргізіледі. Онда тағайындау қызметін әкімшілік басшылары атқарады.

         Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Республиканың көпдеңгейлі және күрделі этномәдени құрамын оны құрайтын алуан түрлі элементтерін көрсететін жоғарыдан төменге дейін консультативті өкілдік ете алатын халықтық органдардың құрлымдық жүйесі болып табылады. Саяси партиялардың бәсекелестігі барысында сайлау негізінде құрылатын Парламент Қазақстанның тарихи қалыптасқан барлық халқының мүдделерін барынша толық қорғап, үндестіре алмайды. Оның үстіне, парламент – кәсіби заң шығарушылардың жиналысы. Олардың әрқайсысы өз қызметінде қоғамның алуан түрлі мәселелерін ескеруге міндетті. Ал Ассамблея – қазақстанның алуан түрлі халқының бірлігін құрайтын этномәдени бірліктердің даусын тікелей Президентке жеткізетін халық билігінің бір тармағы.

         Ассамблея – Қазақстан Президенті жанындағы орган екенін атап өткеніміз жөн. Бұл Қазақстанның Конституциясында айтылатын және заң шығарушы билікті құру барысында маңызды рөл атқаратын беделді құрылым. Бірақ ол басқа да конституциялық органдарға қарағанда, өзі мемлекеттік билік органы емес. Мұнымен қоса, оның Қазақстанның саяси жүйесіндегі орны мен беделі биліктің классикалық үш тармағының кез-келген органынан – Парламент, Үкімет және Жоғарғы Соттан еш кем емес.

         Өйткені, бірінші кезекте Ассамблеяның қызметін Қазақстан Президенті басқарады. Демек, Ассамблея арқылы басқа да билік сатыларына айналып өтіп, оған тікелей Қазақстан халқының топтарының қажеттіліктері мен пікірлері жеткізілді. Ассамблея шешімдері Президент үшін кеңес мағынасына ие. Қоғамның әрбір бірлігінің мүддесін мұқият ескеру қажет болатын этносаралық қарым-қатынастарды үндестіру саласында, Парламенттегідей міндетті шешімдерді дауыстардың көптігімен қабылдау, пайда емес, зиянын келтіретін еді. Сонымен қатар, халық топтарының даусына институционалды ресімдеу қажет. Ассамблеяның парламенттік емес қызметтермен саяси жүйеде «парламенттік» әдіспен құрылуы да сондықтан. Президенттің Ассамблея пікірімен байланыспайтыны да осыдан. Мемлекет басшысы ҚХА қатысты іс-қимылдар еркіндігін сақтайды, мұнымен қоса қазақстандық мемлекетті құрайтын барлық топтардың мүддесін ескереді. Ассамблея – консенсус негізінде және халықтық егемендігінің жоғарғы бейнесі – мемлекет Президентімен келісімде жұмыс істейтін ұлттың моральдық беделінің органы.

         Сонымен қатар, Ассамблея билік құрылымдарының жұмысында қарама-қайшылық туғызбайды, олар үшін «басы артық» мекеме де емес. Ол өзінен басқа саяси жүйенің бірде-бір институты тиімді жүзеге асыра алмайтын нақты айқындалған өкілеттіктерге ие. Президенттің тағайындауымен мемлекеттік билік органдарының өкілдерінің Ассамблеяға кіруі өте маңызды. Бұл онда мемлекеттік билік пен Қазақстан халқының шынайы топтары өкілдіктің арасында өзара тікелей шығармашылық әрекет болып жатқандығының белгісі. Бұл билік тармақтарын араластыру емес, өйткені, Ассамблея, қалыптасқан түсінік бойынша, билік органы болып табылмайды. Себебі ҚХА – мемлекет Президентінің өзі басқаратын Республика билігі мен халқының тұтастығы мен бірлігінің ұйытқысы. Бұл биліктің қосымша демократиялық контуры секілді – үш тармақтан тыс (заманауи мемлекеттің міндеттерінің барлық алуантүрлілігін тауыспайтыны енді айдан анық болды), бірақ маңыздылығы олардан еш кем емес.

         Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық деңгейдегі шенуніктердің ротациясы және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті кадрлық резервтің тұрақты көзі ретінде де үлкен маңызға ие. Бұл оның тікелей мемлекет Президентіне шығатын халық өкілдігінің тетігі ретінде құрылуымен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда қазақстандық басқарушылардың өздерін кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі ең үздіктердің бірі ретінде көрсетулері кездейсоқ емес. Мұнда Қазақстанда кадрларды дайындаудың осындай тиімді жүйесін құра білген ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі көп. ҚХА-ның Қазақстанның саяси жүйесінде артып отырған рөлі, оның қоғамдағы беделі 2007 жылдың мамыр айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерде көрініс тапты. 2007-2012 жылдары Қазақстанда кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқан көлемді конституциялық реформа ҚХА-ның артып отырған рөлі мен ықпалын толық ескереді. Осылайша, бұдан былай Мәжілістің 107 депутатының тоғызын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Бұл қадам тәуелсіз мемлекеттің қажет институттарының құрылуының аяқталғанын және Қазақстанның дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағы шептердің біріне бастаған қозғалысын сипаттайтын Республиканың жаңа саяси сапаға қадам басуының белгісі. Ресейлік сарапшылардың пікірінше, мұндай норма, саяси шешімдерді дайындау мен қабылдау үдерісін одан ары жетілдіруге, биліктің үш тармағының өзара және Ассамблеямен іс-әрекеттерін заң шығару қызметінде Қазақстан халқының алуан түрлі пікірлерін әлдеқайда толық ескеру үшін тереңдетуге ықпал ететін болады. 2007 жылғы тамыз айындағы Мәжіліс сайлауы осы түзетуді ескеру арқылы өткізілді.

         Қазақстан халқы Ассамблеясы Республика Президентінің басшылығымен 15 жылдық қызметінде этносаралық қарым-қатынастарды үйлестірудегі беделді институтқа айналды. Ол өзін Қазақстанның түрлі этномәдени топтары арасындағы келісімнің тиімді құралы ретінде көрсетті, Республика ұлттарының жан-жақты дамуына, мемлекеттік құрылымның нығаюына көмектесті.

         Қазақстан Президентінің 2007 жылдың 26 шілдесіндегі «ҚР Президентінің 2002 ж. 26 сәуірдегі Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығын дайындау барысында ҚХА-ның жалпы азаматтық қазақстандық біркелкілікке қол жеткізудегі жетістігі ескертілді. Осыған сәйкес, ҚХА жаңа атауға ие болды: Қазақстан халқы Ассамблеясы.

         «Оның заманауи кезеңдегі басты рөлі – Қазақстанның көпұлтты халқын бірыңғай қоғамға біріктіру», - деп санайды Ассамблея төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы поляктар Одағының президенті Виталий Свинцицкий.

         Президент Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен тілдердің үштұғырлығы стратегиясы Қазақстан халқын біріктіруде маңызды рөл атқарады, оған сәйкес қазақстандықтардың ересек өмірге аяқ басқан ұрпағы үш тілді меңеруге тиіс – қазақ, орыс және ағылшын. Бұл стратегия нормативтік-құқықтық актілерде көрініс тапқан, солардың негізінде Республикадағы білім беру жүйесі құрылады. «Славян жастары мемлекеттік тілді жақсы білуге тиіс», - дейді Ассамблея төрағасының орынбасары, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары Қауымдастығының орынбасары Анатолий Чесноков.

         «Мен Президент Назарбаевтың тілдердің үштұғырлығы идеясын шын жүректен қолдаймын... Көпұлтты кесінділерді біріктіру үшін бұл дұрыс стратегия деп санаймын», - дейді ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебек 2009 жылы мамыр айында Астанада өткен «Көпұлтты қоғамда әлеуметтік интеграцияны заңмен қамтамасыз ету» атты семинарда. Ол «Қазақстандағы орыс, өзбек, ұйғыр және тағы басқа да тілдерде білім берудің мақтанарлық тәжрибесі сақталуының маңыздылығын» атап өтті.

         Қазіргі уақытта республикада жұмыс істейтіндердің ішінде қазақ тілінде оқытатын 3784 мектеп, орыс тілінде оқытатын 1672 метеп, өзбек тілінде білім беретін 65 меткеп бар, 14 мектеп ұйғыр тілінде білім береді, 2 мектеп тәжік тілінде оқытады. Республиканың 104 мектебінде өзіндік пән ретінде Қазақстан халқының 18 тілі оқытылады.

         «Ұлтаралық қатынастар саласындағы біздің тәжірибеміз, Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты қызметі – Нұрсұлтан Әбішұлының керемет саяси ноу-хауы – бүгінгі таңда әлемде үлкен қызығушылық пен құрмет тудырып отыр. Және біз бұл тәжірибені ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыздың барысында толық пайдалануға тырысамыз, - деп атап көрсетті Мемлекеттік хатшы – ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, 2009 жылы 26 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV Сессиясының ашылуы барысында. – Ассамблея осы жылдар бойы Мемлекет басшысының болашаққа ұмтылған біздің халқымыздың бірлігін одан ары нығайтудағы тірегі болды және солай болып қалады».

         Қазақтанның үдемелі дамуы этносаралық қарым-қатынастар саласында да айқын байқалады. Жақында өткен ҚХА-ның ХV Сессиясында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ұлттар бірлігі Доктринасын бекіту туралы Жарлықтың жобасын дайындауға тапсырма берді. Ол мемлекеттік саясаттың стратегиясын және этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды алдағы ұзақ жылдарға одан әрі үйлестіру бойынша қоғамдық институттардың қызметін нақтылайтын маңызды құжат болу керек. «Тұтастай Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа идеялар туындатушы және, сонымен бір уақытта, мемлекеттік ұлттық бірлік саясатының сенімді тірегі болуға тиіс. Нақ сондықтан өткен сессияда мен Қазақстанның Ұлттық бірлік доктринасының жобасын әзірлеуді тапсырғанмын, - деді Мемлекет басшысы. – Оның жобасы бойынша мамандар, сарапшылар, ғалымдар көп жұмыс істеді. Оны саяси партиялардың, этномәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен мұқият талқылау, толымды қоғамдық сараптамадан өткізу қажет. Доктрина, бір жағынан, біздің тіпті де аз емес тәжірибеміздің қорытындылануы, ал екінші жағынан – алға ілгерілеудің, ұлт саясатын жүргізудің ұзақ мерзімді және орта мерзімді стратегияларының, елдегі саяси тұрақтылықты, бірлік пен келісімді одан әрі нығайтудың берік негізі болуы тиіс».                  

        ҚХА-ның ХV Сессиясында Мемлекет басшысы ұлттық-мемлекеттік саясатты одан ары жетілдіру туралы жаңа маңызды бастамалар көтерді. Осылайша, ол 2011-2012 жылдарға арналған тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дайындап, қабылдауды ұсынды. Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы органдарының құрылымын Ақсақалдар Кеңесімен толықтыру керек. Сонымен қатар ол ҚХА Хатшылығына «қазақстандық ұлтаралық келісім тәжірбиесін жинақтап, негізгі еуропалық тілдерде «Қазақстан: бірлік пен келімсімнің интегралдық матрицасы» деп аталатын арнайы басылым шығаруды тапсырды.

         Президент «қазақстандық қоғамда білім беру жүйесі, тәрбилеу, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қатынастар тақырыбы туралы баяндау, барлық қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық бірдейлікті, толеранттылықты дамыту» қажеттігін ерекше атап өтті. Ол мектептерде толеранттылық курстарын енгізіп, Білім және ғылым министрлігіне «біздің қоғамымыздың ерекшілігін ескере отырып, этносаясимәдениеттік білім беруді дамыту жөніндегі концептуалды ұсыныстар» дайындауды тапсырды. Н.Ә. Назарбаев қазақстандық партиотизмді, барлық этносаралық топтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеу тақырыбын белсенді насихаттауға шақырды.

         Қазақстанның ұлтаралық келісімге қол жеткізудегі табыстары әлемдік қауымдастықта лайықты бағасын алып, 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз еткен маңызды фактор болды. Этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі басқа мемлекеттер теңелуге тырысатын әлемдік эталон мәніне ие болуда. Ұлт көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жиырма жыл бойы жүргізіліп жатқан Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік құрылысы тәжірибесіндегі мәңгіліктің мағынасы осында жатыр.    

Категория: Мақолалар | Добавил: жанубий | Теги: сиёсат
Просмотров: 1100 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  •  
     
    Copyright MyCorp © 2024
    Бесплатный конструктор сайтов - uCoz