Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 76
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2011 » Ноябрь » 13 » ҚҰРМЕТТI «Жанубий Қозоғистон» ГАЗЕТIНIҢ ҰЖЫМЫ!
17:56
ҚҰРМЕТТI «Жанубий Қозоғистон» ГАЗЕТIНIҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТI «Жанубий Қозоғистон» ГАЗЕТIНIҢ ҰЖЫМЫ!

 

Сiздердi «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғымдық газетiнiң 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бастауын 1991 жылы Шымкент облысында алғашқы рет жарыққа шыққан "Достық байрағы” газетiнен алатын мерзiмдi басылым осынау жылдар барысында халқымен бiрге талай қилы-қилы кезеңдердi бастан өткердi. Заман ағымына орай атауы өзгерiп отырған оңтүстiк журналшыларының қасиеттi  қарашаңырағы — «Жанубий Қозоғистон»  газетi бүгiнде Елбасының сара саясатын елге кеңiнен түсiндiрiп, халық пен билiк арасын байланыстыратын алтын көпiрге айналған.

Өзбектің төрт құбыласын түгендеп, тiлiн, дiлiн, дiнiн, Қазақ елiн мекендеген 100-ден астам ұлт өкiлдерiнiң тыныс-тiршiлiгiн насихаттап, жақсылықтың жаршысы бола бiлген басылымның «қарашаңырақ» атануы тегiн емес. «Жанубий Қозоғистон» газетiнiң негiзi болып саналатын «Достық байрағы» газетiнiң жарық көрген алғашқы жылдарында дарынды журналистер Собиржон Юсуфалиев, Хавазмат Қошқаров,Фахриддин Каратаев, Мурат Абубакиров редакторлық қызметпен айналысқан. Бiрiлiгiмiз жарасқан елде қоғамға танымал болған басылым қаншама дарындардың тұсауын кесiп, көптеген ақын-жазушыларды түлетiп ұшырған.

   Газетке ақпарат құралы деп қана қарауға болмайды. Бiз мұны 20 жылдық тарихы бар «Жанубий Қозоғистон» беттерiн парақтағанда анық байқаймыз. Халық ағарту iсi мен елдiң ұлт болып ұйысуы жолында жарияланған мақалалардағы орамды ойлар мен ел болашағына байланысты болжамдар соның айғағы.

«Газет — халықтың көзi, тiлi һәм құлағы» деп айтқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек, «Жанубий Қозоғистон» газетiнiң мерейтойы халықтың, тәуелсiз елiмiздiң төл мерекесi екенi анық. Қарашаңырақ ұжымына мерекелерiңiз мерейлi iстер мен толымды тiрлiктерге ұлассын демекпiн. Шығармашылықтың шыңынан көрiнiп, оқырмандарын қуантатын хабарларыңыз көбейе берсiн!

«Жанубий Қозоғистон» газеті — еліміздегі өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, 11500 оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі,  Тіуелсіздік куні мен бірге жарық көрген газет. Жаңалықтарымен өңірінің жасампаз істерге толы  бұл  газет зор еңбек сіңірді. Қай кезеңде қызмет етсе де уақыттың өз талабына сай өңірдің толымды өзгерістерін паш етіп, өлкенің жылнамасын жасауға сүбелі үлес қосты.

Газет ұжымы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғады, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп келеді. Соның нәтижесінде жыл сайын оқырмандар қатары көбейе түсуде.

Бүгінгі мереке күні облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің ұжымына, барлық журналистерге шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілеймін!

Қазақстанның өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер.

                                       Әуелхан ТҰРҒЫМБЕКОВ,

                                    Төлеби ауданы әкімі.

Просмотров: 1400 | Добавил: жанубий | Теги: табриклар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  •  
     
    Copyright MyCorp © 2025
    Бесплатный конструктор сайтовuCoz